ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

04 шілде 2017, 19:00

ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың бұйрығымен Майтиев Азамат Бақдәулетұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Азамат Майтиев 1980 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2001 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

2001-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен. Мемлекеттік органдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

2014-2017 жылдары ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары ретінде еңбек еткен. 2017 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.