Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Орман Нұрбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

18 тамыз 2017, 10:59

​«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы болып Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды.

О. Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар шетелдердегі бірқатар қазақстандық мекемелерде қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін ҚР-ның Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.