Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

19 қыркүйек 2017, 16:45

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Рамазанов Арман Қайырбекұлы берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне Құрманғалиев Әсет Қабиұлы тағайындалды.

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1993 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы «Карагандапромстрой» өндірістік автокөлік кәсіпорнында автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 1984-1986 жылдары – КСРО Қарулы Күштерінде әскерде қызмет еткен. 1990-1998 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  

1998-2015 жылдары –  ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, «Нұр Отан» ХДП құрылымдарында әр түрлі қызметте болған.

2015-2016 жылдары жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеген.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып қызмет еткен.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.