Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

02 қазан 2017, 19:15

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды. Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.