ҚР Президентінің өкімімен энергетика министрі Қ. Бозымбаевқа сөгіс жарияланды

11 қазан 2017, 11:30

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.