Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Өмірзақ Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

15 желтоқсан 2017, 20:32

Сәйкес жарлық Ақорда сайтында жарияланды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Жеке жарлықпен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Өмірзақ Шөкеев 2011 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.