Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Дарын Тұяқов ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

26 наурыз 2018, 16:54
Астана

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дарын Шылбыұлы Тұяқов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Ю. В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы — Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы — РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша —заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы лауазымын атқарған.

«Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз