ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы тағайындалды

09 маусым 2017, 14:24
Фото: primeminister.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің бұйрығымен Надырбаев Ақбатыр Алуадинұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы ретінде тағайындалды.

Ақбатыр Надырбаев 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1980 жылы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-геолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясында геолог қызметінен бастаған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

2012 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Құрметті кен барлаушы» атағы берілген, екі мерекелік медальмен марапатталған.

1/1