Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы тағайындалды

09 маусым 2017, 14:19
Фото: primeminister.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің бұйрығымен Талғат Тілеубекұлы Ластаев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша, 2007 жылы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2008 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2008 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеген.

2009 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

1/1