Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы тағайындалды

07 маусым 2017, 11:22
Фото: primeminister.kz

ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қостанай мемлекеттік университетін, 2010 жылы Exeter University-ді (Ұлыбритания) тәмамдаған. Білімі бойынша – заңгер, мемлекеттік басқару магистрі.

2001-2013 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «СК-Фармация» ЖШС басшы қызметтерін атқарған.

Мерекелік медальмен марапатталған.