Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады

03 мамыр 2018, 19:37

Бүгін «Қазмедиа» орталығында «Астана экономикалық форумы 2018: Global Challenges Summit» тақырыбында сараптама клубының отырысы өтті, онда алда өтетін Форумның жаңартылған форматы мен жаһандық сын-тегеуріндердің күн тәртібі таныстырылды.

Сараптама клубының пікірталасына Экономикалық зерттеулер институты, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Еуразиялық интеграция институты секілді экономикалық даму үрдістерін зерттеу жөніндегі жетекші отандық орталықтардың өкілдері қатысты.

GVA Kazakhstan серіктесі Булат Столяров шараның басты спикері болды.

Спикердің айтуынша, биыл Форум 3 күнге созылады. Үшінші күн толығымен форумның алғашқы күндерінде талқыланған идеялар мен шешімдерді қазақстандық күн тәртібіне бейімдеуге және оларды талқылауға арналады. Форумның бағдарламасы бекітілген, ол ресми сайтта қолжетімді. Оған 500-ге жуық қонақ пен спикер келеді деп күтілуде, олардың деңгейі мен статусы Форумның күн тәртібіндегі жоғары деңгейге барынша сәйкес келеді.

Б. Столяровтың айтуынша, Қазақстан Президенті жариялаған елдің Үшінші жаңғыруы Үкіметтің экономикалық өсімнің жаңа моделін құруға және мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы жұмысының негізі ретінде қабылданды. Бұл Қазақстан үшін өте ауқымды әрі өмірлік маңызды міндет. Дегенмен, аталған мақсаттарға әлемдік күн тәртібінен тыс қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да АЭФ-ке қатысып, өз ұсыныстарын білдіретін әлем сарапшыларының пікірі өте маңызды.

«Global Challenges Summit Астанада тура екі аптадан кейін бастау алады, біз Форумды әлемдік зияткерлік сахна жұлдыздарымен, бірге талдау жасайтын жаһандық мегатрендтер жұлдыздарымен кездесу орны деп атаймыз», — деді Булат Столяров.

Булат Столяров жүргізушінің Астана экономикалық форумын өткізудің Қазақстан үшін стратегиялық және ұлттық мүдделері нақты қандай болмақ деген сұрағына жауап берді.

«Бізде жоғары мемлекетаралық дәрежедегі көптеген меморандумдар мен келісімдер болады. Алайда, біз бұл басты өнім немесе негізгі пайда болмайтынын айттық. Дегенмен, оның пайдасы мынада: 2050 жылға дейін әлемдегі «ең үздік 50» экономика статусынан «үздік 30» экономикасына айналуды көздейтін Қазақстанға бұл өзгерісті ғаламдық түрленудің ең күрделі кезінде жасауға мәжбүр етеді. Бұл ландшафт байқауға тұрарлық жағдай. Мұны барлық сарапшылар, барлық бизнес, бүкіл халық көруі керек. Біз жаһандық өзгерістердің негізгі үрдістері бойынша ақылдылармен тығыз зияткерлік және ақпараттық өзара іс-қимылда болуымыз керек. Бұдан өзге, өзара түсіністікті арттырумен қатар, жоғары сапалы реформалар және жоғары сапалы келісімдер, жобалар, басқа ауқымдағы экономикалық кластерлер қабылданады. Менің ойымша, біздің мақсатымыз осы», — деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол АЭФ-ті өткізуден күтілетін нәтиже туралы айтып берді.

«Бұл форум жоғары сапалы жобалар мен идеялардың елеулі көлемін ұсынып, Қазақстан оларды өзінің дамуына, елдегі реформалардың күн тәртібін нақтылауға пайдаланған кезде ғана табысты болады. Меніңше, біздің негізгі бағалауымыз келесідей: жаһандық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғанда, аталған форум жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айнала ма?», — деді Булат Столяров.

Мәселені талқылау аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Бақыт Құлжан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының аға сарапшысы Дәулет Шымырбек, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Балтабай Сыздықов, Стратегиялық әзірлемелер орталығының жетекші сарапшысы Қымбат Ахметжанова, Стратегиялық әзірлемелер орталығының жетекші сарапшысы Әсел Тасбауова, Стратегиялық әзірлемелер орталығының жетекші сарапшысы Шолпан Ибраимова, Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Ләззат Нұрқатова сөз сөйледі. Сарапшылар елдің экономикалық дамуын бағалау, болашақ ақшасы әлемі, блокчейн және Қазақстанда криптовалютаны дамыту туралы әңгімеледі.

Ток-шоудың толық нұсқасын ертең, 4 мамырда, «Хабар» телеарнасынан сағат 21:30-да көре аласыздар.

Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады
1/5
Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады
2/5
Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады
3/5
Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады
4/5
Б. Столяров: АЭФ жаңа өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады
5/5