Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада XI Астана экономикалық форумының аккредиттеу орталығының ашылу салтанаты өтті

14 мамыр 2018, 15:55
Фото: primeminister.kz

Бүгін Hilton Astana қонақ үйінде XI Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 аккредиттеу орталығының ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов және GVA Kazakhstan серіктесі Булат Столяров қатысты.

Бұл аккредиттеу орталығы алты ашық алаң секілді форум аяқталғанша тәулік бойы жұмыс істейді.

«Тіркеуден әуежайдан, Marriott,«Думан», Rixos қонақ үйлерінен, «Керуен» ОСО-нан өтуге болады. Бұл қолжетімді орындар, барлық адамдар үшін өте ыңғайлы болады деп ойлаймын», — деді Руслан Дәленов орталықтың ашылуында.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, тіркеу форум аяқталғанша ашық болады.

«Оның айырмашылығы осында. Біз форум басталғанша немесе форумның өткізілу кезінде тіркелу терезесін жаппаймыз. Барлық рәсімдерден форум барысында да, іс-шараның соңғы күнінде де өтуге болады. Бұл барлық қатысушылар мен спикерлердің жайлылығы үшін жасалған», — деп атап өтті Р. Дәленов.

Сондай-ақ, +7 7172 788 117 нөмірі бойынша аккредиттеу және форумды жалпы ұйымдастыру сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Өз кезегінде Булат Столяров аккредиттеу және колл-орталықтарының жұмыстарына еріктілер тартылғанын айтып өтті.

«XI АЭФ: Global Challenges Summit 2018 форумына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Форумның ресми сайтынан немесе аккредиттеу орталықтарының бірінен тіркеуден өту қажет», — деді GVA Kazakhstan серіктесі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға шамамен 4,5–5 мың адам қатысады, оның ішінде әлемнің 30 елінен 500-ге жуық шетелдік спикер бар. Сонымен қатар, бүкіл әлемнің 700-ден астам БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Булат Столяровтың айтуынша, қонақтардың басым бөлігі 16 мамырда келеді. Уақыт кестесі тығыз қонақтар 17 мамыр күні таңертең келеді. Бағдарламаға 18 мамырда және 19 мамырда стратегиялық сессияға арнайы қатысу үшін келетіндер де бар.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Астанада XI Астана экономикалық форумының аккредиттеу орталығының ашылу салтанаты өтті
1/3
Астанада XI Астана экономикалық форумының аккредиттеу орталығының ашылу салтанаты өтті
2/3
Астанада XI Астана экономикалық форумының аккредиттеу орталығының ашылу салтанаты өтті
3/3