Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Президенті «Яндекс» компаниялар тобының басшысы Аркадий Воложбен кездесу өткізді

17 мамыр 2018, 17:24
Астана
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Аркадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

Өз кезегінде Аркадий Волож Ресейде де, Қазақстанда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір нарықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.  

Әңгімелесу барысында тараптар АТ-хаб және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз