Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ

Сейсенбі, 30 Маусым 2020, 13:18:54

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында адами капиталды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында адами капиталды дамыту бес маңызды бағыттың бірі саналады. Жалпы, адами капитал ел экономикасының дамуына үлкен әсер етеді.

Бүгінгі күні ел халқының цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1%-ды құрайды. Жоғары көрсеткіштің арқасында Қазақстан цифрландыру бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

«Жалпы, АТ саласында адами капиталды дамытудың нәтижесінде бүгінгі таңда цифрландырудың жалпы экономикалық тиімділігі 802,5 млрд теңгені құрады. Әртүрлі салада 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Отандық стартаптарға 38 млрд жуық инвестиция тартылды. Халықаралық рейтингтерде жақсы жетістіктер көрсеттік. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады», — деді министр.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізілуде. Атап айтқанда, бизнес пен экономика салаларын цифрландыруға ерекше назар аударылады.

Оның ішінде экономиканы цифрландырудың басты драйвері ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді. Нәтижесінде жаңа жоғары технологиялық компаниялар пайда болуда. Бұл үшін бірінші кезекте жоғары білікті АТ-мамандар қажет. Бүгінде АТ-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды.

«Бүгінде балалар 1 сыныптан бастап информатика пәнін оқиды. Ал 3-4 сыныптан бастап бағдарламалау негіздерін үйренеді. Ел бойынша АТ-зертханалары мен робот техникасы кластарының саны артып келеді. Басқаша айтқанда, заманауи талаптарға жауап беретін цифрлық мандарды даярлау мектеп партасынан басталады. Бұл өте қуантады», — деді А.Жұмағалиев.

Бүгінгі таңда елімізде АТ-мамандарын дайындайтын екі мамандандырылған ЖОО бар. Олар жетекші халықаралық серіктестермен бірлесіп оқу бағдарламаларын әзірлейді.

Сонымен қатар үздік 10 ЖОО пулы құрылды. Олар сондай-ақ халықаралық университеттермен бірге өздерінің оқу бағдарламаларын дайындады. Аталған ЖОО-лар АТ-мамандарды оқыту жүйесінің өзегі болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде болашақ мамандарды даярлаудың тиімді тәсілдері енгізілуде. Цифрлық дағдыларды меңгерген аудиторияны қамту үшін барлық өңірде бағдарламалау мектептері сияқты түрлі бастамалар енгізілген. Оның ішінде цифрлық дағдылары қалыптаспаған адамдарға арналған бағдарламалар енгізілді.

Сондай-ақ АТ-нарығында жеке бағдарламалар әзірленуде. Мысалы, Beeline, Kaspi Bank, Chocofamily сияқты компаниялар өз бастамаларын енгізді.

Сонымен қатар келешекте индустриядағы middle және senior кадрлардың тапшылығын жабатын жоғары білікті АКТ-мамандар даярлау жүріп жатыр. Бүгінде оларды Alem және QWANT бағдарламалау инновациялық мектептері дайындайды. Мұндай мектептердің тиімділігі халықаралық практикада дәлелденген, сондықтан ЦДИАӨМ Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында осындай АТ-мектептерді ұлғайтуды ұсынады.

Білім берудегі заманауи тәсілдердің бірі — өнімдік-бағдарланған білім беру. Белгілі n'Factorial мектебі осы әдіс бойынша өз бағдарламасын жаңартты.

Жақында Қазақстанның ашық университеті іске қосылды. Бұл — Couгѕега-ның отандық аналогы, елдегі онлайн-білімнің бірінші бағыты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Astana Hub инновациялық компанияларды тарту орталығы ғана емес, АТ-мамандар үшін білім беру алаңы болып табылады.

Хаб базасында қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған отандық және шетелдік АТ-компаниялардың прототиптеу зертханалары мен R&D орталықтары жұмыс істейді.

25 зертханада оқыту Smart City, жасанды интеллект, 5G, Blockchain және Big Data сияқты перспективалы бағыттар бойынша өтеді.

2019 жылдан бастап технопарктер желісі арқылы өңірлерде құзыреттілікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Цифрлық сауаттылықты арттыру шеңберінде Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп цифрлық сауаттылық, электрондық үкіметті пайдалану, электрондық коммерция және ақпараттық қауіпсіздік курстарын өткізді.

Соның нәтижесінде 2 жыл ішінде цифрлық сауаттылық курстарында 1,2 млн-нан астам адам оқытылды. Биыл 400 мыңнан астам азаматты оқыту жоспарлануда. Бүгінде пандемияға байланысты цифрлық сауаттылық курстары онлайн өткізіледі.

Сонымен қатар кәсіби кадрлар арасында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінде кәсіби кадрлардың дағдыларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Екі жылда 1,2 млн-ға жуық маман оқытылды. Жұмыстың негізгі мақсаты еңбек өнімділігін 50%-ға дейін арттыру және жұмыс сапасын жақсарту болып табылады.

Бүгінде дамыған инфрақұрылым цифрлық сауаттылықты арттыруға әсер етеді. Әсіресе ауылдық елді мекендерде.

Айта кету керек, қазіргі таңда еліміз әлемдегі Интернет қолжетімділігі бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Елдегі интернетпен қамту деңгейі 86,8% құрайды.

Қазіргі таңда елімізде ауылдық елді мекендерге кең жолақты интернет жүргізу бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде интернетке қолжетімділік деңгейі 99,3%-ға жетеді.

«Интернетке қолжетімділік біздің азаматтарымызға, соның ішінде ауыл тұрғындарына цифрлық экономиканы, онлайн-білім беруді дамытуға және қашықтан жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік береді», — деді А. Жұмағалиев.

Сөз соңында министр жоғарыда аталған технологиялық платформалар ел экономикасы салаларын дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін цифрлық дағдылары бар кәсіби кадрларды даярлау және халық арасында цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Осы бағытта 2025 жылға дейін АТ-дағдылары бар 1,8 млн қызметкер және 370 мың жоғары білікті маман даярланады. Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесінде 2025 жылға қарай цифрлық сауаттылық деңгейі 87%-ға жетеді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.