Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

Сенбі, 05 Қазан 2019, 13:49:39

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белсенді жастармен кездесті. Басқосу Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында өтті. Жастар вице-премьерге өздерінің алғашқы табыстары туралы айтып берді. 

«Жастар қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Әрбір адам оның болашағы жақсы болғанын армандайды. Біздің мақсатымыз - жастарға даму үшін жағдай жасау. Жастар жылы, алдағы еріктілер жылы және Президенттік кадрлық резервке қабылдау - бұл қадамдардың барлығы елімізде жастар өздерінің мақсаттарын жүзеге асырып, бақытты бола алатынын айтады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Қазақстанда Жастар жылында 89 ірі іс-шара жүзеге асырылып жатыр, тұрғын үй проблемасын шешу бойынша да шаралар әзірленді, жас кәсіпкерлер де қолдауға ие болған. Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер, жұмысшылар, спортшылар, еріктілер жиналды. Жас кәсіпкер Біржан Иманов, «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Александр Концевич бизнестегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді.  

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір жұртшылығымен кездесті. Вице-премьер «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Кездесуге сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қатысты.

«Қоғамдық келісім болған кезде оң нәтиже де, әл-ауқат та, гүлдену де болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үлкен назар аударады. Бұл мемлекет пен қоғамның арасындағы диалогқа қатысты. Мұнда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту керек. ел Үкіметі екі тұжырымдаманы әзірлеуде: «тыңдаушы мемлекет» және азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін дайын болуы тиіс. Бұл құжаттарда Ашық үкімет және халықпен тиімді кері байланыс мәселелері қозғалады. Азаматтардың бірде-бір өтініші, бірде-бір шағымы жауапсыз қалмауы керек», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев

Вице-премьер қоғамдық кеңестердің қызметін күшейту қажеттігін атап өтті. Дарынды балаларды қолдау картасы, балалар мүддесін қорғайтын 2030 жылға дейінгі ҚР мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы әзірленетін болады. 2019 жылдың соңына дейін жинақтардың кірістілігін арттыру мақсатында зейнетақы активтерін инвестициялау тәсілдерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Г. Головкин атындағы қарағандылық спорт кешенінде болды. Онда жас спортшылар GGG қолдау мақсатында флешмоб өткізді. 6 қазанда Нью-Йорктің белгілі аренасында әлемге әйгілі қарағандылық Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Былғары қолғап шеберлерінің шайқасында бәйгеге IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы тігілді.

 

Вице-премьер спорт кешенінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, жерлесіміз Қазақстанның даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жеңіске жетуін тіледі. Ал жас спортшылардың ата-аналарына балалардың дене шынықтырудағы жетістіктері мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуін тіледі.

«Біз оған барынша қолдау көрсетеміз, сәттілік пен жеңіс тілейміз. Геннадий тағы да әлемнің үздік боксшыларының бірі екенін дәлелдеуі тиіс. Балаларыңыздың спортпен айналысатыны қуантады. Егер олар спортқа, өнерге тартылса, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, онда дені сау, тәрбиелі, білімді болады, ең бастысы – құқық бұзушылық әрекеттерге бармайды. Бізде көптеген спорттық және мәдени нысандар бар. Оларды барынша пайдалану керек, жастарды салауатты өмір салтына жаппай жұмылдыру керек. Ал ата-аналар бұған ықпал етуі тиіс», - деді Б. Сапарбаев жас қарағандылықтардың ата-аналарымен кездесуі барысында.

Вице-премьер ауыр атлетика, күрес, баскетбол залдарын және жүзу бассейнін аралап көрді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.