Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов

Сейсенбі, 13 Қазан 2020, 13:14:43

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті нақтыланды. Күн тәртібіндегі мәселе туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов баяндады. 

Р. Дәленов баяндамасында атап өткендей, болжамды нақтылаудың негізгі факторлары 2019 жылғы ЖІӨ бойынша өзектендірілген есептік деректер, ағымдағы жылдың басынан бергі жедел деректер, мұнай өндірудің жоспарын түзету, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнайдың бағалануы болып отыр.

Министрдің айтуынша, 2019 жылғы өзектендірілген жалпы ішкі өнім көлемі 0,9 трлн теңгеге артып, 69,5 трлн теңгені құрады. Бұл ағымдағы жылғы болжамды есептеу базасын ұлғайтты. Сонымен бірге, болжамда экономиканың нақты секторындағы, қызмет көрсету саласындағы үрдістер мен мұнай бағасының конъюнктурасы ескерілді.

Әлемдік экономика өсімі бойынша халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы ағымдағы жылы минус 5% құрайды, ал 2021 жылы өсім күтілуде.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының нақты өсімін ағымдағы жылы минус 2,3%-тен минус 2% аралығында бағалайды. Келесі жылға тұрақты өсімді болжайды.

Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан экономикасының нақты өсімін ағымдағы жылы минус 2,3%-дан минус 2% аралығында бағалайды. Келесі жылға тұрақты оң өсімді болжайды.

«Экономика секторларының ағымдағы үрдістерін ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2020 жылғы нақты ЖІӨ өсімі минус 2,1% құрайды. 2020 жылы номиналды ЖІӨ 69,8 трлн теңге көлемінде бағалануда. Ол бұрын нақтыланған көрсеткіштен 102 млрд теңгеге жоғары. Бұл 2019 жылғы базалық көрсеткіштердің өсуімен байланысты. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша инфляция 8% құрайды», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қатар министрдің сөзінше, экономиканың нақты секторының салалары бойынша өсу болжамы жақсарды. Құрылыстың, ауыл шаруашылығының және өңдеу өнеркәсібінің өсуі болжануда. Бұл ретте, шектеу шараларының салдарынан қызмет секторларының өсу қарқыны төмендеді.

Мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, министрлік болжамдық бағаны барреліне 20 доллардан 40 долларға дейін арттыруды ұсынады. Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы барреліне 42 долларды құрады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 млн тоннаны құрайды.

Тауарлар экспорты $45,5 млрд дейін артады, импорт $33,8 млрд құрайды. Осылайша, оң сауда теңгерімі 3,2 млрд-қа ұлғайып, $11,7 млрд көлемінде болжануда.

«Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері 2020 жылы 6,5 трлн теңге көлемінде бағалануда. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді. Республикалық бюджет шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 205 млрд теңгеге ұлғайып, 14,5 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 3,5% деңгейінде сақталады», — деді Р. Дәленов.

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған параметрлер республикалық бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Жалпы алғанда, болжамды нақтылау ағымдағы экономикалық үрдісті ескереді және қаржы жылын тиімді аяқтауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев 2020 жылға арналған ЖІӨ-нің нақтыланған болжамы Ұлттық банктің бағалауларына сәйкес келетінін атап өтті. 

«Нақты динамика мен қалыптасқан сыртқы факторларды ескере отырып, біз болжамымызды ағымдағы жылғы қыркүйекте жария еттік, оған сәйкес ЖІӨ-нің 2020 жылы төмендеуі 2-2,3% деңгейде күтіледі. ЖІӨ бойынша жаңартылған деректердің негізінде ақша-кредит саясаты мен төлем балансы көрсеткішінің болжамы жаңартылды. Жылдық инфляция 2020 жылдың соңына дейін 8%-ға дейін жеделдейді. Ол азық-түлік өніміне бағаның жоғары өсуінің сақталуы, айырбастау бағамының баға белгілеу процестеріне ауысуы нәтижесінде және ақылы қызметтер инфляциясының шамалы жылдамдауы аясында орын алады», — деді Е. Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, 2020 жылы депозиттердің өсу болжамы валюталық депозиттерді қайта бағалау әсерін және олардың теңгелік салымдарға ауысуын ескере отырып 1,8%-дан 8,7%-ға дейін нақтыланды.

Депозиттер болжамын қарай қайта қарауды ескере отырып, 2020 жылы ақша массасының өсу болжамы 4,7%-дан 10,8%-ға дейін нақтыланды.

2020 жылға арналған кредиттердің өсу болжамы ағымдағы жылдың басынан бастап байқалып отырған өсуді ескере отырып, 0,5%-дан 2,4%-ға дейін нақтыланды.

Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында төлем балансының ағымдағы шоты тікелей инвесторларға төлеуге арналған кірістердің төмендеуі есебінен $1,7 млрд мөлшерінде профицитпен қалыптасты.

2020 жылдың қорытындысы бойынша (-) $4,2 млрд (ЖІӨ-ден -2,5%) мөлшерінде ағымдағы шот тапшылығы күтіледі.

«Тауар экспорты $45,5 млрд дейін 21,7%-ға қысқарады. Қысқаруға мұнай мен металл бағасының төмендеуі, сондай-ақ OПEК+ мәмілесінің талаптарын сақтауға байланысты мұнай өндіру көлемінің қысқаруы ықпал етеді. Бұл ретте экспорттың төмендеуі шикізат секторында жұмыс істейтін шетелдік тікелей инвесторларға төленуге тиіс кірістің қысқаруымен ішінара өтеледі», — деді Е. Досаев.

Тауар импорты экспортпен салыстырғанда біршама (-15,5%-ға) қысқарып, $33,8 млрд құрайды. Бұл COVID-19 таралуы салдарынан халық пен бизнестің төлем жасау сұранысының төмендеуіне, сондай-ақ мұнайгаз секторында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының жоспарлы түрде азаюына байланысты.

Е. Досаевтың пайымдауынша, төлем балансының ағымдағы шотының жағдайының бұдан былайғы динамикасы шикізат нарықтарындағы жағдайға, кейінге қалдырылған сұранысқа және 2020 жылы «тоқтаудан» кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге байланысты айқындалады.

ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев алғашқы нақтылау коронавирус инфекциясымен күресуге және экономикалық белсенділіктің баяулауы жағдайында экономика мен бизнесті қолдауға бағытталғанын атап айтты. 

«Жалпы дағдарысқа қарсы шараларды және Президенттің тапсырмаларын қаржыландыру үшін сол кезде бюджет шығыстары 1,4 трлн  теңгеге ұлғайтылды. Екінші нақтылаудың міндеті COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын жалғастыру және экономиканың нақты секторын қолдау болып отыр», — деді министр.

Е. Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджет түсімдері 185 млрд теңгеге ұлғайып, 12 трлн теңге көлемінде анықталды.

Тапшылық ЖІӨ-ге 3,5% дейін деңгейінде сақталды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 205 млрд теңгеге өсіп, 14,5 трлн теңгені құрайтын болады.

Қосымша шараларды іске асыру үшін бюджет шығыстары жалпы сомасы 296 млрд теңгеге оңтайландырылды.

«Бюджет шығыстарын өзгерту негізінен ҚР Президентінің Жолдауындағы мәселелер мен басқа да тапсырмаларын орындаумен байланысты және келесі бағыттарды қамтиды. Біріншіден, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 млрд  теңге бөлінді. Осы қаражат шеңберінде келесі шаралар жоспарланып отыр: карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төлеу; тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу - 83,2 млрд теңге; ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйақы төлеу – 11,7 млрд теңге», — деп нақтылады Е. Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, екіншіден, экономиканы қолдау және күш құрылымдарын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша басым шығыстарды қаржыландыруға 261,7 млрд теңге көзделген.

Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда.

Бұл ретте, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», АӨК дамыту және басқа мемлекеттік бағдарламалардың  іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету бюджеттің басым бағыты болып қалады.

Үшінші. Бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.

Мәселені түйіндеген Премьер-Министрдің орынбасары Ә. Смайылов 2020 жылға арналған макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылау елдегі ағымдағы жағдайды және әлемдік конъюнктураны ескере отырып жасалғанын атап өтті. 

«Болжам өзгерістері нақты сектор өсімінің сақталуын және қызметтер саласының біртіндеп қалпына келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нақтылаудың негізгі міндеті – дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және пандемияның таралуының ықтимал екінші толқыны бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды. Осы міндеттерді шешу үшін бюджет шығыстары ұлғайтылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін медицина қызметкерлерінің алдындағы барлық міндеттер орындалады», — деді Ә. Смайылов.

Вице-премьердің айтуынша, шығындарды ішкі оңтайландыру есебінен нақты секторды қолдауға арналған шығыстар ұлғайтылды. Жыл соңына дейін нақтылауды ескере отырып, 4,2 трлн теңге қаражатты игеру қажет. Кейбір шығыстар бойынша әлі күнге дейін конкурстық рәсімдер аяқталған жоқ. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалардан басқа, шұғыл мақсаттарға Үкімет резервінен қосымша 236 млрд теңге бөлінді. Қазіргі  таңда оның 111 млрд теңгесі немесе 47%-ы ғана игерілді. 

«Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатын уақытылы игеру мәселесін ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Ә. Смайылов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2020, 18:13
Мемлекет басшысы Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
03 Желтоқсан 2020, 16:46
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады
03 Желтоқсан 2020, 10:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 21:33
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
02 Желтоқсан 2020, 19:04
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
02 Желтоқсан 2020, 16:53
ҚР БҒМ: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 139 887 адам тұрады
02 Желтоқсан 2020, 14:24
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020
02 Желтоқсан 2020, 13:42
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов
02 Желтоқсан 2020, 13:02
Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ
02 Желтоқсан 2020, 12:38
Қазақстанда мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда — Б. Нұрымбетов
02 Желтоқсан 2020, 12:08
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой
02 Желтоқсан 2020, 11:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №794 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:29
А. Мамин: біздің міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру
02 Желтоқсан 2020, 09:59
Толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады — А. Мамин
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.