Е. Жамаубаев Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасы ретінде қайта құру бойынша жиын өткізді

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасы ретінде қайта құру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Отырысқа Есеп комитетінің, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар Жоғарғы есеп палатасына бюджеттік және басқа да қаражаттарды бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер беру, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүйесін жетілдірудің басқа да мәселелерін талқылады.

Талқылауды қорытындылай келе, Е. Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулердің келісілген пакетін енгізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу