Сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады

11 қазан 2016, 17:28
Фото: Пресс-служба КЧС

Өңірлерде сел қаупін азайту үшін Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

Ю.Ильин айтып өткендей, ағымдағы жылдың соңына қарай селден қорғау құрылымдарды дамытуға жобалық-сметалық құжаттама қарастырылады. Мұнда Қорғас өзеніндегі бөгет құрылысы да қамтылады. Алайда ақырғы сома мемлекеттік сараптама өткеннен кейін мәлім болады.

«Ақсай шатқалында 3 жаңа бөгет пайда болады, және Кіші Алматыдағы Мыңжылқы бөгеті жаңғыртылады. Сондықтан, жобалық ұйымдар осы бойынша жұмыс істеп жатыр. Селден қорғау құрылымдарын дамытуға қажетті нақты сома мемлекеттік сараптамадан кейін мәлім болады», – деді Ю. Ильин.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматыда үш гидротехникалық құрылымға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге ақша бөлінді. 

«Бұл Мыңжылқы бөгетінің сыйымдылығын арттыру, Аюсай шатқалында №13 көлінде селден қорғайтын құрылым салу және Ақсай бөгетінің құрылысын жобалау. Қазіргі уақытта жергілікті бюджетке қаражат бөлінді, жыл соңына қарай ЖСҚ жасау аяқталады, сосын біз жаңа гидротехникалық құрылымдарды салуға қаражат бөлу ұсынысымен республикалық бюджетке жүгінеміз. Сонымен бірге, Қорғас бойынша ҚХР-мен Қорғас өзенінде бөгет түрінде гидротехникалық құрылым салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Ю. Ильин.

1/10
Ведутся работы по строительству плотины.
2/10
3/10
4/10
5/10
6/10
7/10
8/10
9/10
10/10