Кәрім Мәсімов Қарғалы өзенінің арнасын жөндеу барысымен танысты

15 тамыз 2016, 20:43
Алматы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарғалы өзенінің жағасын нығайту қалай жүріп жатқанын тексеріп, Алматы қаласындағы су тасқынының алдын алу бойынша шараларды талқылады.

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жөндеу жұмыстары басталған болатын. Өткен жылы болған селдің салдарынан мұнда жағаны су шайып кетті және қаланың үш ауданын ішінара су басқан. Табиғат апатының алдын алу жұмыстарын Премьер-Министр жеке өзі тексереді.

Кәрім Мәсімовке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиқовтің жасаған мәлімдемесі бойынша, жаңарту жұмыстары бөгеттен Жандосов көшесіне дейінгі ұзындығы 7,7 шақырым өзен учаскесінде жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда мердігер ұйымның қызметкерлері өзен арнасын тазарту жұмыстарын аяқтады, сондай-ақ 10 көпірдің 7-еуіне демонтаж жасады және жағаны нығайту үшін бетон жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Табиғи апаттардың салдарын жою үшін қалалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген болатын.

Премьер-Министрге аумақты кшенді дамыту туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі С.Сайфеденов мәлімдеді.

Қалпына кетіру-нығайту жұмыстары ағымдағы жылдың басына дейін аяқталуы тиіс.

Кәрім Мәсімов қала қызметтерінің басшыларымен және ІІМ министрінің орынбасары Ю. Ильинмен су тасқыны және сел ағындарының алдын алу шараларын, сондай-ақ Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде морена көлдерінің жағдайын талқылады.

Анықтама үшін:

Алматы өңірінде 106 морена көлдері және 22 өзен бар. Қазіргі таңда таулы жерлерде сел жағдайын 19 маусымдық және 7 тұрақты ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бақылайды. Тұрақсыз көлдерде су деңгейін төмендету үшін іс-шаралар жоспарланған. 20 гидротехникалық құрылымдарда селден қорғау және су тасқынына қарсы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үлкен Алматы өзенінде сел қоймасы бөгетін тазарту жұмыстары аяқталды.

№13-бис және №6 морена көлдерін жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алматы әкімдігі 30 млн теңге бөлді. Бұдан бөлек, Алматы тауларындағы қауіпті морена көлдерінде су сору жұмыстарына республикалық бюджеттен 31 млн теңге бағытталған.