Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

CO2 шығарылуларына квота құны нарықтық жағдайларда қалыптасады – «Жасыл Даму» АҚ

03 шілде 2013, 14:26

Париниктік газдарды сату бойынша квоталарға баға белгілеу нарықтық шарттармен сауда биржасында өтеді, деп хабарлады «Жасыл Даму» АҚ басшысы Сергей Цой Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Маңызды фактор – бұл баға белгілеу, яғни баға қалай белгіленеді. Бәрін биржа саудасы көрсетеді, ол сауда биржасындағы аукциондар арқылы опциондық сату әдісімен өткізіледі. Сонда бәсекелес күресте кәсіпорындар квоталарға оңтайлы бағаны белгілей алады», - деді С.Цой.

Сарапшының айтуынша, бұл шешім нарықта алыпсатарлық көріністер пайда болмас үшін қабылданған. 

«Алыпсатарлыққа жол бермес үшін біз нарыққа өз бетінше квотаның бағасын белгілеуге мүмкіндік береміз, бірақ халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша бір шартты тоннаның бағасы 10 доллардан кем болса, жүйе жеткілікті тиімді болмайды, сондықтан біз (ред. ҚОҚМ) реттеуші ретінде бастапқы бағаны бекіту үшін шаралар қолданамыз», - деп мәлімдеді ол.

«Яғни, біз саудаға 10 доллар бағамен квоталар қоямыз, сосын кәсіпорындар баға конъюнктурасына байланысты төмендету жағына, немесе арттыру жағына қарай реттей алады», - деп түсіндірді С.Цой.

Сонымен қатар, ол баға нормативтік актімен бекітілмейтінін, бұл әдісті нарықтың өзі қалыптастыру керектігін айтты. 

Оған қоса, нарықтың қалыптасуы туралы айта отырып сарапшы «нарықтан экономикалық әсер әрине болады, өйткені сауданың басталуы және осы жүйені енгізу есебінен «жасыл» инвестициялар алады» деді.

Бұдан өзге, қазір дамыған мемлекеттер нарықтарында шығарылымдарды шектеу жүйесі енгізілмген өндіруші елдердің өнімдері жіберілмейді.

«Парниктік газдарды сатуды шектеу жүйесін енгізе отырып, біз әлемдік нарықтарға шығу үшін өнеркәсібімізге тағы бір мүмкіндік береміз. Егер бұл жүйе Қазақстанда жұмыс істейтін болса, осы шығарылымдар ескеріледі, кәсіпорындар парниктік газдар шығаруды шектесе, онда олардың өнімдері бұл жүйе енгізілмеген елдерде өндірілгендерге қарағанда бәсекеге қабілеттілік бойынша жоғары деңгейге көтеріледі», - деді сенімді түрде компания басшысы.

«Жасыл Даму» АҚ директорының мәліметінше кәсіпорындарға қос қышқылды көміртектің шамамен 147 млн тоннасына квоталар беріледі. 

«Біздің ойымызша, алғашқы биржадағы сауда 2014-2015 жылдары шамамен 10%-ды немесе 14-15 млн тоннаны қамтиды. Оларды сатып алып, сатуға болады», - деді С.Цой.