Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

13 шілде 2017, 12:15
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді. 

Отырыс барысында Қазақстанды үшінші жаңғыртудың жобалық басқару мәселелері талқыланды. Қазақстан экономикасының салаларын цифрландыру мен технологиялық жаңарту, өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі бастамалардың жоспарлары қаралды.  

Отырыс аясында ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова баяндамаларымен таныстырды.