Бақытжан Сағынтаев «McKinsey & Company» өкілдерімен Қазақстан экономикасын цифрландыру мәселесін талқылады

16 маусым 2017, 10:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «McKinsey & Company» өкілдерімен экономиканы цифрландыру және қаржы секторында, металлургия және тау-кен игеру өнеркәсібі салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді.  

Жаңғырту 3.0 аясында әзірленіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

«McKinsey (MGI)» жаһандық институтының директоры Джонатан Ветцель жұмыспен қамту және еңбек өнімділігі салаларындағы үдерістерді автоматтандыру туралы айтты. «McKinsey & Company» басқарушы серіктесі Йохен Бербнер банк секторында цифрлық технологияларды қолдану мәселесіне толықтай тоқталып өтті, ал «McKinsey & Company» серіктесі Кристиан Хейнинг цифрлық технологияларды тау-кен-металлургия өнеркәсібіне енгізу жобасымен таныстырды.

Еске сала кетейік, елордада «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбында Х Астана экономикалық форумы өткізіліп жатыр. АЭФ-2017 аясында барлығы шамамен 20 панельдік сессия жоспарланған, бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.