Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

03 сәуір 2017, 19:10
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында сатып алулар үдерісі кезіндегі жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ескерілген ұсыныстар қаралды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға, сонымен қатар келісілген түрде «Атамекен» ҰКП-ге бірқатар нақты тапсырмалар берді.