Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің Басқарушы директорымен кездесті

22 ақпан 2017, 13:54
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.