Кәрім Мәсімов әкімдерді жекелей жауапкершілігі туралы ескертті

10 тамыз 2016, 22:56
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиісті түрде орындамаған жағдайда жекелей жауапкершілік туралы ескертті.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға мақсатты трансферттер ретінде бағытталған қаражат 97%-ға игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы ҚР Ұлттық қорынан 769,6 млрд теңге қарастырылған, оның 503,4 млрд теңгесі мақсатты трансферттер түрінде және 266,2 млрд теңге ұлттық холдингтердің облигациялық займдары арқылы», - деп мәлімдеді «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындыларын таныстырған вице-министр.

Оған қоса, ол а.ж. тамыз айының басындағы жағдайға сәйкес барлығы бағдарлама бойынша 231,3 млрд теңге игерілгенін айтып өтті.

«Оның ішінде мақсатты трансферттер бойынша 214,4 млрд теңге жоспар кезінде 208,1 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарынан 97% игерілді», - деді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінген қаражатты игеру бойынша жұмысы айрықша бақылауда екенін баса айтып өткен М. Құсайынов.

Оның айтуынша, тағы 22 млрд теңге жете игерілді. Нәтижесінде бүгінде мақсатты трансферттер бойынша игеру 236,4 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 47%-ын құрады.

Қаражатты игермеу, вице-министрдің мәліметінше, 5 аймақ бойынша байқалуда: ШҚО-да – 86,3%, ОҚО-да – 61,7%, Қарағанды облысында – 95,1%, Павлодар облысында – 70,7%, Қызылорда облысында – 61,3%.

Әкімдіктер қаражатты игеру кестесіндегі кейін қалуларды 1 қыркүйекке дейін жоюға уәде берді.  

«Әкімдердің назарын бөлінген қаржының толық және уақытылы игерілуі мәселесіне аударамын. Бұл әкімдердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жекелей жауапкершілігі», – деді аралық қорытындыларға баға берген, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тиімділігі жеткіліксіз жұмысты атап өткен Кәрім Мәсімов.

Премьер-Министр ҚР Ұлттық экономика министрлігіне өңірлерде бөлінген қаржының игерілуі жағдайына талдау жасап, осы мәселе бойынша жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на келісімшарт жасалған қаражаттың игерілуін  және жоспарланған тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді қамтамасыз ету жүктелді. Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдеріне білім беру нысандары құрылысына арналған қаржының дер кезінде және тиісті деңгейде игерілуін, сондай-ақ оларды пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінген қаржының игерілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп, ай сайынғы негізде атқарылған жұмыс тұрғысында Ұлттық экономика министрлігін ақпараттандыруы тиіс.