«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 128,4 миллиард теңге бөлінді

20 қыркүйек 2016, 11:10

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысында еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамту мәселелері туралы мәлім етті.

Т.Дүйсенованың мәліметі бойынша, бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілер және қазірдің өзінде құрамына кіргендердің саны 111,9 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыссыздар қатары – 74,4 мың адам (66,5%), өз алдына жұмысы бар – 36,2 мың (32,4%) және сырттай қызметкерлер – 1 258 адам (1,2%).

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 47,4%-ды құрайды, әйелдердің үлесі – 45,1%.

Ведомствоның ақпарына сәйкес, бағдарламаға қатысушылардың қатары мынандай: мүмкіндігі шектеулі жандар – 3414 адам, балалар үйінің тәрбиеленушілері – 103 адам, мектеп, колледж, ЖОО түлектері – 13 197 адам.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, 2016 жылы елді мекендерде шамамен 39,4 мың жұмыс орнын құру үшін 5 096 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Өткен жылдан бастап ауыспалы жобаларды ескерер болсақ, 1 326 жобаны жүзеге асыру жұмысы басталды, оның  ішінде 399-ы аяқталды. Жаңадан құрылған жұмыс орындарына 18 039 адам орналасты, оның ішінде ЖҚ-2020 бойынша – 9 472 қатысушы немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 52,5%.

Екінші бағыт аясында 794 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренуге мүмкіндік алды, 759 қазірдің өзінде осы мүмкіндігін пайдаланды. 5 384 адам шағын несие алды, 2 975 адам жеке кәсібін ашты. Биыл ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың арқасында қосымша 3879 адам қызметке орналасты.

Сонымен қатар, үшінші бағытта 5 210 адам кәсіби мобильділігін арттыру үшін тегін оқу мүмкіндігін алды. Олар сондай-ақ тұрғылықты жеріне және жол ақысына субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. 3761 қатысушы оқуын аяқтады. 25,5 мыңнан астам мақсатты топтардың өкілдері әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне орналастырылды.

«Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 699 адам жоғары экономикалық әлеуеті бар елді мекендерге көшірілді, оның 63,2%-ы жаңа мекен-жайы бойынша жұмыспен қамтылды», – деді Т. Дүйсенова.

Жалпы алғанда, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 210,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды, ауылдық жерлерде – 102,9 мың. Жұмыс орындарының басым бөлігі сауда орындарында құрылды – 25,6 мың, құрылыста – 22 мың, өнеркәсіпте – 16,1 мың. Жаңа жұмыс орындарының жалпы санының 63,2% – тұрақты, қалғандары – уақытша және маусымдық.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, республикада жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығы бойынша 236,1 мың жұмыссыз азамат өтініш білдірген, оның 133,3 мыңы (56,5%) жұмысқа орналастырылды.

«Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында 2016 жылы жұмыссыз және өнімсіз жұмыспен қамтылған 417,2 мың адам қарастырылып отыр. Бұл жалпы жұмыссыздардың 67,2%-ын және еліміздегі өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың 22%-ын құрайды. Қазіргі таңда 313,5 мың немесе 75%-ы жұмысқа орналастырылды», – деді министр.

Алайда, 2016 жылдың екінші тоқсаны бойынша жұмыссыздық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, яғни 5%. Жұмыспен қамтылғандардың саны 8 575,3 мыңнан 8 484,9 мыңға азайды. Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 27,0%-дан 25,7%-ға азайды.