Мемлекет басшысының Жолдауы жаһандық әрі ішкі сын-тегеуріндерге уақытылы берілген жауап болып табылады – сарапшы

27 ақпан 2017, 10:35

Бүгінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруға барлығы жаппай кірісіп кетті. Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның үшінші жаңғыруы мәселесі бойынша сапалы талдау мен іргелі зерттеулерді жүргізуді өзіне негізгі міндет ретінде белгіледі. Аталған жұмыстың қандай кезеңде жүргізіліп жатқаны жайлы Рrimeminister.kz-ке Институт басшысы Сержан Мәдиев айтып берді.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма басшысы С. Мәдиев Мемлекет басшысының экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құруға негізделген Жолдауы жаһандық және ішкі сын-тегеуріндерге уақытылы берілген жауап болып табылатыны сөзсіз деп есептейді.

«Шынымен де, жаңа экономикалық шынайылық экономиканы дамыту мен азаматтардың әл-ауқатын жақсартудың саясатын одан әрі іске асырудың заманауи әрі икемді тәсілдерін қабылдауды талап етеді. Ресурстардың бағасы жоғары болған кезеңде қиындықтарды еңсеріп, тұрақтылықпен қамтамасыз ете отырып, сеніммен одан әрі дамуды жалғастыруға берік негіз қойылған», - деді С. Мәдиев.

Оның айтуынша, мақсат бұрынғысынша қалмақ – 30 дамыған елдің қатарына кіру, бұл үшін ел экономикасы өзге елдермен салыстырғанда озық қарқынмен дамуы тиіс. Сонымен қоса, әсіресе сыртқы нарықтардағы бәсекелестік тек күшейе түседі, елдер белсенді жұмыс істеп, ұдайы өзгеріске ұшыраушы жағдайларда міндеттердің шешімін табуға бейім болады.  

Басқарма басшысы ширақ дамып жатқан елдердің жаңа стратегиясына қарасақ, баса назар аударылатын, барлығына ортақ бағыттарды айқындауға болатынын айтты. Біріншіден, барлық дерлік елдер адами капиталдың сапалы дамуына екпін қояды, екіншіден, мемлекеттік басқарудан бастап, шағын және орта бизнеске дейін қызметтің барлық салаларында технологиялық жаңалықтар мен ғылыми әзірлемелердің элементтері жаппай енгізілуде. Экспорттық нарықтарға күрес жөніндегі бірмезгілді жұмыспен тікелей, ұзақмерзімді шетел инвестицияларын тарту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Қазақстанда жақын арадағы уақытқа алға қойылған міндеттер мен мақсаттардың әлемдегі дамудың заманауи үрдісіне сәйкес келіп, еліміздің ішкі, айрықша факторларын ескеретіні қуантады», - деді Институт басшысы.

Экономикалық зерттеулер институтының қызметіне тоқталар болсақ, басқарма басшысының айтуынша, ұйым бүгінгі таңда Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыруға кірісіп кеткен. Жалпы Үкімет пен Ұлттық экономика министрлігіне түсінікті әрі қолданбалы ақпаратты ұсыну жоспарда бар. Барлығы нақты есептеулер мен үздік әлемдік тәжірибелерге негізделеді. Институтта бұл қолданбалы есептеулер, тереңдетілген талдау мен халықарылық және жергілікті сарапшылар пікірлерінің негізінде өте сапалы экономикалық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Бұл үшін биылғы жылғы зерттеулер бойынша жоспарлар қайта қаралған, жобалық топтар құрылып, жаңа міндеттерді іске асыру жұмыстары бастау алған.

Бірінші бағыт

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мақсатында Институт Ұлттық экономика министлігі мен ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлік ортаны тереңінен талдауға және экономиканың жаңа жағдайларында ұсыныстарды әзірлеуге бар күш-жігерлерін салады.

С. Мәдиевтің айтуынша, дамыған елдердің үздік стандарттары мен тәжірибелерін енгізу арқылы бизнесті қайта реттеудің жүйелік шаралары әзірленетін болады.

«Жұмыстың нәтижесі ретінде біз рұқсат жүйесін реформалау арқылы бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуін көреміз. Жұмыс монополиялық және квазимемлекеттік қызметтер саласында бизнесті оңтайландыру мен шығындарын қысқартуға бағытталатын болады», - деді Институт басшысы.

Бұдан өзге, бизнес шығындарын жаппай төмендетудің шаралар кешенін әзірлеу және бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін құқықтық тосқауылдарды жоюға байланысты заңнаманы тұтастай тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл бүгінде бизнесте қандай жүктеме барын анықтауға және тиісті шешімдерді қабылдау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.   

«Біз өңірлер тұрғысынан алғанда кәсіпкерлік саласында бақылау мен табысты жетістіктерді өлшеудің жүйелік негізін құруды жоспарлаудамыз. Осы орайда түсінікті әрі қолжетімді болатын бизнес жүргізудің оңайлығы бойынша рейтингтің жергілікті әдістемесін әзірлеудеміз», - деп мәлімдеді жоспарда енгізілетін жаңалықтар туралы өз сөзінде басқарма басшысы.

Алдағы уақытта аталған әдістеменің көмегімен бизнес жүргізудің оңайлығы бойынша өңірлердің рейтингісі құрылатын болады. Аталған рейтинг әр өңірде жеке бизнес жүргізу ісінің жағдайын сапалы әрі объективті түрде көрсетуге, бизнес ортаны жақсарту мен өңірлерге инвестициялар тарту ісінде жергілікті биліктердің бәсекелестігін ынталандыруға, елдегі жеке бизнестің даму қарқынын бағалаудың ұзақмерзімді әрі жүйелік негізін құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Екінші бағыт

Мәлім болғандай, қазір Қазақстанның Бірыңғай экспорттық стратегиясын/бағдарламасын қалыптастыру бойынша жұмыс басталды. Институт өз тарапынан шақырылған сарапшылардың қатысуымен жобалық топты қалыптастырды және аталған мәселені іргелі зерттеуді бастады. Жұмыс қорытындысы бойынша Институт аталған бағытты табысты жүзеге асыру үшін ҚР ҰЭМ-не талдау және бірқатар практикалық ұсынымдар беруді жоспарлап отыр. 

Өткен аптада ҚДИИ, Kaznex invest және өзге де мүдделі сарапшылардың қатысуымен бірінші дөңгелек үстел өтті. Ол тұрақты өткізіліп отырады, деп сендірді С. Мәдиев.

«Біз сараптық қоғамдастықпен диалог орнатуға мүдделіміз, сондықтан жұмыста аталған саладағы үздік сарапшылармен сапалы және кәсіби диалогты қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін құралдар пайдаланылады», – деді ол.

Жалпы, Институттың жұмысы әлемнің үздік ой-талқы орталықтарымен және консультанттарымен ғана емес, сондай-ақ жергілікті сараптамалық қоғамдастықпен тығыз байланысқа негізделеді.

«Аталған кезеңде Қазақстанда әлеуетін толық көлемде пайдалануы қажет кәсіби мамандардың тұрақты пулы қалыптасты. Олар біздің ерекшелігімізді терең түсінеді, халықаралық практиканы жақсы меңгерген және экономикалық даму мәселелері бойынша белсенді азаматтық позицияға ие. Бұл – жаңа тренд және біз оған белсенді қатысамыз», – деді С.Мәдиев.

Үшінші бағыт

Өңірлік саясатты жетілдіру өзекті мәселе болып қалуда. Өңірлік саясатты жүзеге асырудың негізгі тәсілдемелері өңірлердің экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту және нығайту үшін шаралар кешенін шешуге, тең өмір сүру және еңбек шарттарына жетуге бағытталады.  

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің экономикалық дамуы оны құрайтын өңірлердің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты Институт макроөңірлер мен қала агломерацияларының бәсекелі артықшылықтарын жаһандық ауқымда арттыру бойынша шаралар әзірлейді. Өңірлік саясатты жүзеге асырудың логикалық қорытындысы макроөңірлер мен қала агломерацияларын жаһандық нарықтарға қосу үшін стратегиялық драйверлерді анқытау болмақ. Бұл елдің 2025 жылға дейінгі аумақтық-кеңістікті дамуы сценраиін жасауға мүмкіндік береді.

Төртінші бағыт

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі міндет 2025 жылға дейінгі елдің Стратегиялық жоспарын әзірлеу болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, жаһандық сын-қатерлер орта мерзімді кезеңде елдің даму артықшылықтарын қайта қарауды талап етеді. Қазіргі уақытта Институт ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірге аталған құжатты әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«Жоғарыда аталған барлық бастамалар осы кешенді құжаттың негізін қалайды, ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы бойынша стратегиялық мақсатты жүзеге асырудың келесі кезеңі болмақ», – деп атап өтті Институт басшысы.

Осылайша, Институт үздік құзыреттіліктер мен баламалы пікірлер жинайтын тиімді алаңды қамтамасыз етуге аяқ басып келеді, бейміделіп, зерттеулер жүргізуге жаңа тәсілдемелер қолданады, сарапшылардың жер-жерлерге сапарларын енгізеді, өз қызметкерлерінің дамуына үлес қосады, күнделікті жұмыста үздік түпдеректердің Bloomberg, ThomsonReuters Eikon, ЭЫДҰ мәліметтері) мәліметтерін пайдаланады, талдау нәтижелерін сараптамалық қоғамдастықпен белсенді талқылайды. Осының бәрі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін әзірленіп жатқан сапалы шешімдер мен даму құжаттарының негізі болуы тиіс.

Қорытындылай келе, С. Мәдиев Институттың алдына өте дұрыс мақсат-міндеттер қойылғанын, барлық шешімдер сапалы сараптаумен қамтамасыз етілетінін және үздік сарапшылардың ұсынымдарына негізделетінін атап өтті. Оған қоса, қазір алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа тетіктер пысықталуда, тұжырымдаманы келісу қорытындысы бойынша бұл жайында қосымша хабарланады.   

«Жалпы, елімізде экономиканың тұрақты өсімін қаматамасыз ету және нәтижелерді біздің азаматтардың әл-ауқатына тиімді трансляциялау үшін барлық қажетті ресурстар мен білім бар деп есептейміз», – деді С. Мәдиев.

1/1
С.Мәдиев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Экономикалық зерттеулер институтының атқарып жатқан жұмысы туралы айтты