ҚР Үкіметі өнеркәсіп өсімін 2017 жылы 3% деңгейде болжауда

13 ақпан 2017, 15:57
Фото: Рrimeminister.kz

Ағымдағы жылы өнеркәсіп өсімі 3% деңгейде күтілуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017-2021 жылдарға арналған Болжамын таныстырған ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.

Оның айтуынша, Болжам ЖІӨ өсімі бойынша және 2016 жылғы экономика салаларын дамытудың, АҚШ долларының есептік бағамын 360-тан 330 теңгеге өзгертудің алдын ала есептік мәліметтерін, сондай-ақ әлемнің тауар нарықтарындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланған.

Осылайша, атаулы ЖІӨ 2017 жылы 49 740,6 млрд. теңге көлемде болжануда, жан басына шаққандағы ЖІӨ 8 391,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Өнеркәсіп өсімі өңдеу өнеркәсібіндегі 2,6% дейгейдегі күтілетін әлдеқайда жоғарғы өсім есебінен 3% дейін арттыруға қарай қайта қаралған.

Мұнай өндіру көлемінің болжамы негізінен Қашаған кен орнындағы өндіруді арттыру есебінен 81 млн. тоннаға дейін артқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 2,5% құрайды, инфляция дәлізі алдында бекітілген 6-8% деңгейде сақталған. 

1/1