ҚР Премьер-Министрі кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

16 тамыз 2016, 02:29
Алматы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Алматыға жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов ШОБ-ті қолдау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр. Алматы экономикасында шағын және орта кәсіпорындар жетекші орында. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі шамамен 35%-ды құрайды.

Кәсіпкерлік құралдарын қолдау үшін елімізде жұмыс істейтіндігіне қарамастан, ШОБ секторында өз уақытында шешілмеген проблемалар туындайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов олардың негізгісін санап шықты және шешім жолдарын ұсынды. Бизнес қоғамдастық өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда бизнес бірқатар қиындықтарға тап болуда: қарыз қаражатын алу, өнімдерін өткізу, қазақстандық өнімдерді сатып алу және қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Премьер-Министрмен кездесу барысында кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және тарифтік саясаттың қажеттілігі туралы айтты, тауардың шығу тегі туралы растау және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы мәселелерді көтерді. Жиынға қатысушылар өңірлердің туристік әлеуетін дамыту мәселесіне бөлек назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі Д.Уәлиев туристік нысандарда инфрақұрылымның толыққанды жетіспеушілігін айтты. Осыған орай, ол Кәрім Мәсімовке өңірде Жол картасы туристік инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін қайта қарауды өтінді.

Кеңес барысында Алматы қаласының әкімі Б.Бәйбек дөңгелек үстелге қатысушыларды кәсіпкерлікті қолдау шаралары жайлы хабардар етті. Ол халықаралық «DoingBusiness» рейтингісінде Қазақстан Алматының арқасында 2015 жылы 12 позицияға – 53 позициядан 41-ге көтерілгенін еске салды. Процедуралар 3 есе, мерзімдері 5 есе қысқарды.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Бәйтерек» холдингінің өкілдері жауап берді.

Кеңесті қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов іскерлік мәселелердің түбегейлі жаңа сипатын атап өтті. 

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілігімен ҰЭП-нің, салалық және бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырды.