ҚР Премьер-Министрі Астананың инфрақұрылымдық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді

23 желтоқсан 2016, 20:55
Астана
Фото: investinastana.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласының инфрақұрылымдық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында жол-көлік инфрақұрылымы, Есіл өзені арнасын қалпына келтіру, тазартқыш ғимараттар жұмысы, нөсер ағындылары, жылу магистральдары, сондай-ақ елорданың туристік тартымдылығы мәселелері қарастырылды. Кеңесте Мемлекет басшысының Астананы дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.