Инновациялық кластер құру – білім, ғылым және индустрияны ықпалдастыру үдерісіндегі негізгі кезең

10 ақпан 2017, 17:20

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жетекші жоғары оқу орны - «Назарбаев университет» АҚ базасында инновациялық кластер құру туралы айтқан болатын. Бүгінгі таңда инновациялық кластер құрудың қандай кезеңі жүргізіліп жатқаны туралы Рrimeminister.kz тілшісіне «Энергетикалық Зерттеулер Орталығы» ЖМ бас директоры Айдар Жақыпов айтып берді. 

Қазақстанда Astana Business Campus құрылып жатқанын айта кеткен жөн. Ол үдемелі бизнесмендер мен дарынды ғалымдарды біріктіріп, бизнес-инкубаторға айналуы тиіс, онда мемлекеттің біршама көмегімен және қолайлы жағдай жасау арқылы технологиялық стартаптар дамиды.

Биыл Президент өз Жолдауында жоғары технологиялар мен ғылымды қажет ететін зерттеулерді дамытуға да баса назар аударды.  
Astana Business Campus инновациялық кластерінің міндеті ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты дамыту, сондай-ақ ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін нарыққа шығару болып табылады. Кластердің құрамына инновациялық инфрақұрылымның төрт элементі кіреді.

А. Жақыповтың айтуынша, инновациялық кластер базасында бірнеше міндеттер орындалады.

«Кластер құрамында жоғары білікті кадрлар жеткізушілер болып табылатын мектептер бар. Кластердің құрамына Назарбаев университетінің ғылыми-зерттеу орталықтары кіреді. Бұл ғылыми зерттеулер, зияткерлік меншік нәтижелерінің жеткізушілері», – деді сарапшы.

Бұдан өзге, кластер құрамында Назарбаев университетінің медициналық клиникалары бар. Олар медицина мен фармацевтика саласындағы ғылыми зерттеулердің клиникалық базасы болып табылады. 

Сондай-ақ, кластер құрамында технопарк, коммерциализация офисі және бизнес инкубатор секілді бөлімшелер бар. 

Аталған технопарк жоғарғы технологиялы компанияны орналастыру алаңы ретінде қызмет ететінін айта кету керек. 

«Стартаперлер мен жоғарғы технологиялы компаниялар осында келіп өздерінің сәтті дамуына қажетті толық қызметтер кешенін ала алады, яғни кассадан алысқа кетпей-ақ прототиптендіру қызметін аласыз, яғни, сізге мұнда бөлшектерді дайындап беруі мүмкін, сіз жаңа детальды 3D-принтерде басып шығара аласыз, сіз бизнес үлгі, маркетинг, бизнес жоспарлау бойынша кеңес аласыз, түрлі ауқымдағы шараларды өткізіп, бизнес серіктес тауып, студенттермен байланысқа түсе аласыз», - деді А. Жақыпов.  

Еске сала кетейік, бастапқыда Мемлекет басшысы жоғарғы технологиялардың дамуының екі негізгі көзін – Назарбаев университеті мен «Алатау» Инновациялық технологиялар паркінің зияткерлік-инновациялық кластерін құрып, дамытуды атап көрсеткен болатын. Қазақстанда инновациялық кластерлер ғылым мен нарық, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді көпір және экономикалық саясаттың маңызды элементіне айналуы тиіс. Осыған орай, Қазақстанда инновациялық кластерлер құру мен олардың тиімділігін арттыру міндеті өзекті болып табылады.