2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

10 тамыз 2016, 21:25
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

2016 жылдың 8 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

«Бәйтерек» холдингі қарастырылған 174,2 млрд теңгенің 141,9 млрд теңгесін операторларға – «ҚИК» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және жергілікті атқарушы органдарға аударды, оның ішінде 31,4 млрд теңге сомаға әкімдіктер облигациялары сатып алынды. Мердігерлермен 83,6 млрд теңгеге келісімдерге қол қойылып, 22,6 млрд теңге игерілді. 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілді», - деді М.Құсайынов.

Бұдан өзге, вице-министрдің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» қоры бағдарлама операторы жылжымайтын мүлік қорына 42,9 млрд теңге аударды (қарастырылған 77 млрд теңгеден), олар бойынша толық келісім жасалды. Тамызда бөлінген қаражатты игеру басталады.

М. Құсайынов айтып өткендей, жалпы Мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген Ұлттық қор қаражатын игеру аздаған кейін қалумен жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді.

«Мақсатты трансферттер бойынша жүз пайыздық игеруге шығу мақсатында ағымдағы жылдың 8 айында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аймақтар әкімдіктеріне жоспарланған конкурс рәсімдерін жүзеге асыруды жылдамдатуды және бөлінген қаражатты дер кезінде игеруді қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймын», - деді М. Құсайынов Премьер-Министрге қарата сөйлеген сөзінде.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше,  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 251,2 млрд теңге қарастырылған, олар екі жыл бойы кезең- кезеңмен игеріледі.