Қазақстанда табиғи газ және түсті металдар кендерінің өндірісі ұлғайды – ҚР ҰЭМ

12 тамыз 2016, 17:40
Фото: economy.gov.kz

2016 жылғы қаңтар-шілдеде 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,6% құрады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды.

Бұдан өзге, тамақ өнімдерінің, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Сонымен бірге, шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі, химия өнеркәсібі өнімдері және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.