Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Елжан Біртанов: МӘМС аясындағы барлық даулы жағдайлар емделушінің пайдасына шешілуі керек

Жексенбі, 05 Қаңтар 2020, 19:32:55

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысандарын аралады.

Министр Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.

Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат.

Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін науқастардың ағымын реттеуді, хирургиялық корпусты жөндеу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, министр аталған медициналық мекеменің жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іс жүзінде іске асырылуын, атап айтқанда, медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысын және олардың интеграциялануын тексерді.

Елжан Біртанов атап өткендей, МӘМС аясындағы барлық техникалық олқылықтар пациенттің пайдасына шешілуі керек және тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін медициналық қызмет көрсету сапасының жақсарғанын сезінуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының аралаған нысандарының бірі №2 қалалық емхана болды. Е. Біртанов МӘМС жағдайында пациенттерге қалай қаралып жатқанын және тұрғындар үшін қандай мүмкіндіктер жасалғанын қарады. Министр ақпараттық жүйелердің жұмысына, атап айтқанда, пациенттерді сақтандыру мәртебесі бойынша бөлуге және медициналық сақтандыру жүйесіне әлі қатыспаған азаматтарды тіркеуге ерекше көңіл бөлді.

Медициналық ұйым мамандарының айтуынша, бұл емханаға күн сайын 440-қа жуық адам келеді, олардың 60%-дан астамында сақтандыру мәртебесі бар. Елжан Біртанов пациенттердің негізгі бөлігі — балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жүкті әйелдер, студенттер — Медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарналар төлейтін 15 жеңілдікті санатқа енетінін ескере отырып, Министрліктің болжамдары бойынша, сақтандырылғандар кем дегенде 80% болуы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, министр емхананың оңалту бөлімінің жұмысын және қалпына келтіру емінің бағдарламасын бағалады. Е. Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі көмектің осы түрін қаржыландыруды 12 есе арттыруды көздейтінін ескере отырып, пациенттердің саны көбірек болуы мүмкін екенін атап өтті.

№2 қалалық емхананың оңалту және қалпына келтіру емі бөлімі 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Мұнда мүгедектерге әлеуметтік, психологиялық және медициналық қолдау көрсететін оңалту көмегінің үшінші немесе кешенді түрі ұсынылады. Бұл Қазақстандағы жаңа қызмет түрі. Сауықтыру еміне ересектерді де, балаларды да қабылдайды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың шілдесінен бастап емханада «Д» есебінде тіркелген орталық жүйке жүйесі аурулары бар, психикалық-сөйлеу дамуы кешеуілдеген, Даун ауруы және аутизмі бар балаларға арналған оңалту бөлімі ашылды. Бас дәрігердің айтуы бойынша, бұл орталық Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық медициналық ұйымдар арасында алғашқылардың бірі болып ашылған. Емхана тәжірибесін басқа да ұйымдар өздеріне үлгі ретінде ала бастады.

Денсаулық сақтау министрі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасымен бірге бірқатар басқа да медициналық нысандарды, соның ішінде теміржол ауруханасын, №3 перинаталды орталықты және тері-венерологиялық диспансерін аралап, онда МӘМС жағдайындағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді. Басты назар дәрігерлердің пациенттерді қалай қабылдайтынына, ақпараттық жүйелердің қаншалықты дұрыс жұмыс жасайтындығына және жүгінген адамдардың сақтандыру мәртебесінің анықталу-анықталмауына аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық көмек екі пакет — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа үлгісі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетімен ұсынылады. Жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оның ішінде негізгі диагностикалық қызметтер барлық азаматтар, оралмандар мен ел резиденттері үшін ақысыз болып қалады. Ал консультативті-диагностикалық көмек, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда емдеу тек сақтандырылған азаматтарға және қант диабеті, артериялық гипертензия, онкология, туберкулез, гепатит және т. б. әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулары бар науқастарға ғана ақысыз көрсетіледі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.