Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР өнеркәсібінің Индустрия 4.0-ге көшу әзірлігін талдау жұмыстары келесі айда аяқталады

21 тамыз 2017, 15:30
Астана

ҚР өнеркәсібінің Индустрия 4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша техникалық талдау жұмыстары биыл қыркүйекте аяқталады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Ж. Қасымбек Индустрия 4.0 үлкен деректердің (Big Data) талдауы, дербес роботтандырылған жүйелер, индустриалды интернет, аддитивті технологиялар (3D баспа) секілді алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ауқымды пайдаланудан тұратынын атап өтті. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша түрлі елдерде Индустрия 4.0-ді енгізу ЖІӨ жыл сайынғы өсімін орта есеппен 1,5%-ға қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін Индустрия 4.0 элементтерін енгізу тек сын-тегеуріндер ғана емес, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер ашады, соның ішінде тиімділіктің едәуір артуы, жаңа бизнес пен экспортқа бағдарланған өндірістер ашу бар.  
Биыл ҚР ИДМ тиісті шараларды әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы үшін өнеркәсіптерін цифрландыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген елдердің сарапшылары арнайы тартылды. Олар – Германияда Индустрия 4.0 тұжырымдамасын бірлесіп жазған авторлардың бірі Фраунгофер атындағы еуропалық қолданбалы зерттеулер институтының сарапшылары, сондай-ақ Швецияның алдыңғы қатарлы тау-кен өндірісі кластерінің мамандары.

Осы сарапшылармен бірлесіп биылғы жылдың қыркүйек айына қарай өнеркәсіптің Индустрия 4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша техникалық талдау жұмыстары аяқталады, ал жыл соңына қарай Үкіметтің тиісті қаулылары – 2025 жылға дейін Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің қадамдық жоспары қабылданады.

ERG, KazZinc, ArcelorMittal, «Қазақмыс» секілді ірі жүйе құрушы компаниялармен жұмыс қатар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорындар цифрлық жаңғыртудың жеке жоспарларын әзірлеп, үлкен деректерге талдау жасау технологиялары, алдыңғы қатарлы тетіктер мен сенсорлар, интеграцияланған ақпараттық жүйелер және роботтандырылған операциялар енгізілетін «ақылды кен» бағдарламасы секілді бағдарламаларды іске асыруды қолға алды.

Осылайша, Қазақстан өнеркәсібін Индустрия 4.0-ге көшуге ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар өнімділіктің артуына және еңбек қауіпсіздігінің жақсаруына, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпы экономиканың жақсаруына оң септігін тигізеді.

1/3
2/3
3/3