Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанның энергетика секторына заманауи технологиялық жүйелерді енгізу жоспарланған

21 тамыз 2017, 15:55
Астана

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша энергетикалық секторға бірқатар заманауи технологиялық жүйелерді енгізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында өткен Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында мәлімдеді. 

Қанат Бозымбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасында энергетика тұрғысынан бірқатар ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша 9 шара қарастырылғанын атап өтті:

1) SanaField зияткерлік кен орны өндірілетін мұнай сапасы мен көлемінің өсуімен және мұнай өндіру кәсіпорындарының операциялық шығындарын төмендетумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

2) «Цифрлық кен» - уран өндіруші кәсіпорындардың өнімділігін 10%-ға дейін арттырады.

3) Мұнай есебінің ақпараттық жүйесі көлеңкелі айналымды қысқартуға және мұнайды өндіру, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу және жөнелту қызметтерінің салықтарының жинамдылығын арттыруға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ, «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында бірқатар жобалар іске асырылуда:

4) «Сұйытылған мұнай газы теңгерімінің болжамы» –  оны ішкі нарықта ұтымсыз бөлу қаупін төмендетуге, заңсыз тиеп әкету мен көлемін жасыру бойынша жүйе бұзушылық фактілерін анықтауға, газбен жабдықтау ұйымдарына қолайлы орта жасап, тең құқықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

5) «Кен орындарының онлайн-аукционы» – айқын, дәйекті және жедел аукциондармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кәсіпкерлердің лауазымды тұлғалармен тікелей байланысқа түсуін шектейді.

6) Техникалық қызмет көрсету мен мұнай өндіру кәсіпорындарына автоматтандырылған жүйені енгізу пайдалануға берудің 3 жылдық жөндеу аралық кезеңіне ауысуға мүмкіндік береді.  

7) Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай мемлекеттік монторинг жүйесі ақпараттың жеделдігі мен шынайылығын арттырады, нақты уақыт режимінде ақпараттың кешендік талдауы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

8) Электр энергетикасына Smart технологияларды енгізу еліміздің электр энергиясы саласы жұмысының қадағалаушылығын, басқаруын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

9) Бірыңғай энергетикалық жүйе жұмысының режимдерін басқаруды автоматтандыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады және жабдықты жұмысқа жарамды күйінде ұстау шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

1/3
2/3
3/3