«KEGOC» АҚ 5 қарашадан бастап «Халықтық IPO» аясында өз акцияларын сатылымға шығарады

04 қараша 2014, 18:49

«KEGOC» АҚ ағымдағы жылдың 5 қарашасынан бастап «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын сата бастайды, деп хабарлады бүгін «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев ОКҚ брифингінде.

«Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстандық қор биржасына акциялардың 10 пайызы салынады. Әр акция құны 505 теңге. Акция сатып алуға өтінімдер 5 қараша мен 3 желтоқсан аралығында бір ай бойы қабылданады. Ал 19 желтоқсаннан бастап еркін айналымға шығады», - деді Б.Қажиев.

Оның айтуынша, «халықтық IPO» өткізу кезінде ҚР азаматтары, жеке тұлғалар мен жекелеген инвесторлардың қатысуына басымдылық беріледі 

«Өтінім құнына қарамастан акцияларды беру әрбір инвесторға тиісінше беріледі. Егер сұраныс жоғары болса, барлық бөлшек инвесторлар арзан сомамен өтінім беріп, әрқайсысы қанағаттаныдырылатын болады. 14 мың акцияға дейін өтінім берген барлық бөлшек инвесторлар толықтай қанағаттандырылады, егер сұраныс ұсыныстан асып кетпесе», - деп басып айтты Б.Қажиев.

Компания басшысының мәліметінше, «KEGOC» АҚ таза табысы ағымдағы жылы 588 млн теңгені құрады.