«ҚазТрансОйл» АҚ-ның таза пайдасы жылдың басынан бері 38,5 миллиард теңгені құрады

13 тамыз 2016, 00:32

2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырланған таза пайдасы 38,5 млрд теңгені құрады.

«2016 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шоғырланған түсім 104,4 млрд теңгені құрады, ал шоғырланған таза пайда - 38,5 млрд теңге», - деп мәлімдеді компанияда.

Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км мұнай құбырлары мен ұзындығы 1975 мың км су ағызғылары желісін басқарады.