Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты

27 желтоқсан 2016, 11:14
Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктері үшін арзандатылған жанар-жағармайды жеткізу бойынша міндеттемелер толық орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

«Көктемгі-егіс жұмыстарына - 322,2 мың тонна және күзгі дала жұмыстарына – 364,5 мың тонна тиелді», - деді энергетика министрі.

Спикер айтып өткендей, ағымдағы жылдың 26 желтоқсандағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы қордың көлемі: Аи-92/93 бензинінен - 112,2 мың тонна;  дизель отыны – 170 мың тонна құрайды.

«Жалпы, мұнай өнімдері нарығында ахуал тұрақты және жанар-жағармай (ЖЖМ) тапшылығы байқалмайды. Сұйылтылған мұнай газының ішкі нарықтағы бағасы 2017 жылдың бірінші тоқсанына 1 тонна үшін 28 мың теңге көлемінде бекітілді», –деді Қ. Бозымбаев.