Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада KAZENERGY VII Еуразиялық форумы басталды

02 қазан 2012

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында KAZENERGY VII Еуразиялық форумы басталды. Алқалы жиынның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов қатысты.


Биылғы форум тұрақты энегетикалық болашақты қалыптастыру мәселесіне арналып отыр. Осыған орай шағын және кеңейтілген мәжілістерде бүгінгі энергетика саласының негізгі мақсат-міндеттері талқыланып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның орны мен рөлі қаралады. Форумға қатысып жатқан сарапшы-мамандар энергетика саласының даму болашағына көз жүгіртіп, оның алдағы онжылдық «сценарийін» құрастырып көрмек. 

«Бүгінде KAZENERGY форумы қазақстандық және әлемдік энергетиканың өзекті мәселелері талқыланатын негізгі халықаралық алаңға айналып келеді. Себебі бұған дейін өткен мәжілістер осы іс-шараның тиімділігін көрсетті. Мемлекет пен бизнес арасындағы байланыс күшейіп, Қазақстанның мұнай-газ кешенін тұрақты дамытуға қажетті алғышарттар жасалды», - деді форумның ашылу рәсімінде Үкімет басшысы С.Ахметов.