Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы ВАК отырысын өткізді

Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері жарнама саласындағы мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ отырыста бағалау қызметін өз бетінше реттеу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлданды.

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы автоматтандыру және мәліметтерді жинау мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тиісті тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу