Бақытжан Сағынтаев «ЭКСПО – 2017» көрмесіне дайындық пен оны өткізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

19 сәуір 2017, 19:33
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу мәселелеріне байланысты кеңес өткізді. 

Кеңес барысында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде көлікпен қамтуды, қоғамдық құқық тәртібін қорғауды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сонымен қатар «Қазақстан» көрме павильонының «Жасампаз энергия» бөлімін тақырыптық әрі мазмұндық жағынан толтыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: 

Еске сала кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Астана қаласында биыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 жұмысына қатысатынын 115 ел мен 21 халықаралық ұйым ресми түрде растады.

Көрмені өткізу кезінде елордамызға шетел мен еліміздің өңірлерінен 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде.

Көрме өткізілетін жердің жалпы аумағы 173,4 га-ды құрайды.