Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

29 қыркүйек 2016, 12:25
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының жұмыс барысын қарастырды. Көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардың көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалының құрылысы, қонақ үйлер қорының әзірлігі және логистика мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын бақылауға алуды және көрме нысандарының мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.