100-ден астам отандық тауар өндірушілер ЭКСПО-2017 келушілеріне өз өнімдерін ұсынады

06 наурыз 2017, 18:45

Бүгін Астанада халық маркасы сертификатына ие 100 үздік отандық бренд ұсынылған қазақстандық тауарлар павильоны ашылды. Сатылымға азық-түлік өнімдері, киімдер, кәдесый бұйымдары және т.б. тауарлар қойылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауар өндірушілерге өз өнімдерін орналастыру жылына 300 мың теңгеге шығады. Бұл тек қана тауарларды қамтуға жұмсалатын төлем. Сонымен қатар тауарлардың бағасын өндірушілердің өздері белгілейді. Павильонға өнімдерді іріктеудің басты өлшемі – экспортқа бағдарлану әлеуеті.

«Осында ұсынылған әрбір өнім әлемнің 30-дан астам еліне экспортқа шығарылатын болады. Осы мақсатта біз осы мүмкіндікті беретін Еуразиялық іскерлік одақпен келісімге қол қойдық. Ол үшін бізге өзіміздің елдік павильонымызды құру қажет болды. Мұнда біз экспортқа бағдарланған өнімді жинаудамыз», - деді «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ-нің президенті Римма Тәжібаева.

Павильонның артықшылығы - оның ЭКСПО-ның туристік картасында орналасуында. Ұйымдастырушылардың ойы бойынша, халықаралық көрме кезінде барлық туристер Қазақстандағы ең үздік тауарлар ұсынылатын осы бірегей павильонға келетін болады. Сонымен қоса ұлттық тағамдар: Наурызға қарай павильонның нөлінші қабатында туристерге арналған мейрамхана ашу жоспарда бар.

Павильонның тағы бір бірегейлігі – үшінші қабатта әлемнің сол 30 елінен Еуразиялық іскерлік одақ өнімдері ұсынылатын болады. Бұл қазақстандық тауар өндірушілер тауарды қаптау техникасынан бастап, компаниялардың даму кезеңдеріне дейін экспортқа арналған шетел өнімдеріне қарап, соларға қарай бағдарлануы үшін арнайы жасалған жұмыс.

Наурызда Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарының гастрономиялық фестивальін ұйымдастыру жоспарда бар. Ал ертеңнен бастап Қазақстандық брендтер фестивальі бастау алады. Ол ЭКСПО-2017 басталғанға дейін жалғасады. Павильон алаңында күн сайын бір жаңа бренд таныстырылатын болады.  

«Біз осы алаң арқылы іріктеу жүргізуді көздеп отырмыз. Біздің тауар өндірушіні экспортқа шығару форматы оңай емес: дистрибьюторларды қызықтыра алу керек, өзге елдерге ұсыну қажет... Бұл үшін біз өз өнімдеріміздің сапасының жоғары екеніне көз жеткізуіміз керек. Біз салмақты команда жинақтадық. Осы алаңда біз нарықты бақылап, түсіну үшін сапаны, бағаны сұрыптау жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді Қазақстан аумағындағы Еуразиялық іскерлік одақ өкілі Мария Анарбаева.

1/6
ЭКСПО-2017 қарсаңында халық маркасы сертификатына ие, 100 үздік отандық бренд ұсынылған Еуразиялық іскерлік одақ бөлімшесі ретінде қазақстандық тауарлар павильоны ашылды.
2/6
В павильоне представлена одежда ведущих дизайнеров Казахстана
3/6
4/6
5/6
6/6