Қазақстанда 2017 жылдың көктеміне қарай ЭКСПО логотипімен тауарлардың 100-ден астам түрі ұсынылады

17 тамыз 2016, 19:59
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Қазақстанда 2017 жылдың көктеміне қарай ЭКСПО логотипімен тауарлардың 100-ден астам түрі ұсынылады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерциаландыру департаменті директорының орынбасары Илья Оразақов айтып өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда ЭКСПО логотипімен лицензияланған тауарлар бағдарламасы іске қосылуда, олар осы күзден бастап сатыла бастайды. 

«Біздің тізімде 55 тауардың түрі бар, олар нарыққа осы күзде шығады. 2017 жылдың  көктеміне қарай  олардың саны екі есе көбейеді, яғни ЭКСПО логотипімен 110 тауар түрі ұсынылады», - деді И.Оразақов «ЭКСПО-2017 – қолөнер дамуының және кәдесый өнімдері өндірісі әлеуеті» дөңгелек үстелі барысында.

Оның айтуынша, тізімге тұрмыстық тауарлар, кеңсе заттары, гаджеттерге арналған түрлі қосымшалар мен өзге де нарықта сұранысқа ие тауарлар кірді.