Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Фоторепортаж: ЭКСПО-ға арналған экспозиция

24 ақпан 2017, 17:16
Фото: primeminister.kz

ЭКСПО-2017 көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонына қойылатын алдыңғы қатарлы отандық әзірлемелер жұма күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс кеңесінде қаралды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңес Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатын 27 ең үздік ғылыми-техникалық жобаны іріктеп алды. 

 

Әзірлемелердің қолданылу саласы көрме тақырыбы - «Болашақ энергиясына» сәйкес келеді және энергияның жаңа жаңғыртпалы көздерін дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологияларымен тығыз байланысты.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басшысы Ахметжан Есімов Астанадағы халықаралық көрме отандық ноу-хауды дамытудың және әлеуетті инвесторларды іздестірудің жақсы алаңына айналатынын айтып өтті. 

 

Аталған жобалардың кейбіреуі бүгінгі таңда ішкі нарықта сұранысқа ие және энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында сәтті қолданыста.

Марат Қошымбаев – аз қысымды шағын су электр станциясы негізінде «жасыл» энергияны дербес және желілік өндіру жобасының авторы. 

 

Қуаттылығы 1000 кВт-қа дейінгі жел қондырғысы әзірлемесінің авторы Марат Қамбаров. Құрастыру ерекшеліктерінің арқасында желдік қондырғы қатты турбулентті жел тұрған жағдайда да жұмыс істеуге бейім.

 

Ғалым Алтай Әлімғазин ғимараттарды жылумен және суықпен қамтамасыз ету үшін энергияның баламалы көздерін пайдалану арқылы энергия үнемдеу технологиясын ұсынды. 

 

Бақытжан Сағынтаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін табысты өткізу ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсермен қамтамасыз ететінін және ел экономикасын одан әрі әртараптандыру мен жаңғыртуға қуатты серпін беретінін атап өтті.