ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ЭКСПО -2017» көрме кешені нысандарының құрылыс барысын қарап шықты

03 тамыз 2016, 01:52
Астана
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бүгін, 2 тамызда, еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі нысандардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

«Астана Экспо-2017» ҰК АҚ төрағасы А. Есімов К.Мәсімовке көрме нысандарының құрылысы туралы баяндады.

 

Кәрім Мәсімов көрме кешені нысандарының құрылыс барысымен танысты.

 

«Болашақ Энергиясы Музейі» Қазақстан Павильонының Тұжырымдамасын Мемлекет басшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 2 қазанда мақұлдады.  

 

«Болашақ Энергиясы Музейін » аралау «Болашақ Астана» 8-ші деңгейінен басталады. Жалпы ауданы 1918 шаршы метрді құрайды.

 

ЭКСПО-2017-ге дайындық бойынша жұмыс кестеге сәйкес қызу жүріп жатыр. Нысандар мен инфрақұрылым салуға отандық кәсіпкерлер кеңінен тартылуда.  

 

Көрме кешенін аралау барысында Премьер-Министр қалалық жолаушылар көлігі мен такси қалай жаңғыртылатынын қарап шықты.

 

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан соң еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ЭКСПО -2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындаудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.