Халықаралық ғылыми-техникалық орталық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысады

04 тамыз 2016, 21:08

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы Келісімшартқа қол қойды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылыған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының (ХҒТО) атқарушы директоры, «ЭКСПО-2017» ұйымдастыру комиссары Дэвид Кливбен кездесуі өткізді.

ҚР СІМ мәліметінше, 2015 жылдан бастап Мемлекет басшының шақыртуымен ХҒТО-ның штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан. Ұйым 860,5 млн АҚШ доллары сомасында 2 753 жобаға қаржыландыру жасады.   

Кездесу барысында тараптар халықаралық ұйымның көрмеге қатысу ережелерін және ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықтың жолдарын талқылады.  Р.Жошыбаев сөз барысында ЭКСПО-2017 дайындық барысын хабардар етті.

ХҒТО атқарушы директоры өз кезегінде орталықтың қызметі мен ұйымның көрмеге қатысу жоспарларын айтып өтті. Дэвид Кливтің айтуынша, ұйымның негізгі миссиясы, ол Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузияның ғалымдары арасында олардың ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия мен АҚШ-ғы зерттеу ұйымдарындағы әріптестерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Кездесу қорытындысында тарапатар ХҒТО-ның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойды.

Анықтама үшін:

Халықаралық ғылыми-техникалық орталық ресми түрде өзінің қатысуы туралы мәлімдеген 16–шы халықаралық ұйым болды. ХҒТО-дан өзге өздерінің қатысатындарын БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ЮНИДО, ЮНИСЕФ, ЭСКАТО, ЭЫДҰ, МАГАТЭ, Дүниежүзілік банк, «Барлығымыз үшін тұрақты энергетика» БҰҰ бастамасы, Энергетикалық хартия, Дүниежүзілік мұнай кеңесі, ИСЕСКО, ОПЕК, ОПЕК халықаралық даму қоры және ИРЕНА мәлімдеді.