Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

БҰҰ ЭКСПО-2017 базасында жасыл технологиялар орталығын ашу туралы ҚР Президенті бастамасын қолдайды

10 ақпан 2017, 09:32
Фото: expo2017astana.com

9 ақпанда ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен БҰҰ Бас Комиссары, Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры Джихан Сұлтаноглудың кездесуі өтті, оның барысында БҰҰ-ның Көрмеге қатысуы туралы келісімшартқа қол қойылды. 

Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017-ге дайындық мәселелерін талқылады. А. Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозициялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.

Өз кезегінде, Сұлтаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуін, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуын көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.

«Біз Президент Н. Назарбаевтың жасыл технологиялар орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақстан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын», - деді Д. Сұлтаноглу.

Д. Сұлтаноглу ЭКСПО-2017-дегі БҰҰ-ның Бас Комиссары ретінде бүкіл БҰҰ жүйесінің көрме жұмысына қатысуын үйлестіреді.