Сингапур «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісім шартқа қол қойды

16 тамыз 2016, 17:43
Фото: МИД РК

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне іссапары аясында Сингапурде «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұлттық секция Комиссары – Сауда және индустрия министрлігінің Департамент басшысы Вонг Тун Джунмен мен Сингапур Туристік агенттер ұлттық қауымдастығының Президенті Дэвиндер Оримен кездесті.

Кездесу барысында, СІМ хабарлағандай, Р. Жошыбаев және Вонг Тун Джун екіжақты сауда-инвестициялық және ғылым саласындағы, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастықты, сонымен қатар Сингапур компанияларының Халықаралық көрмеге қатысуы талқылады.

В. Джунгтың айтуы бойынша, Сингапур «жасыл» энергетика секторын белсенді түрде дамытып, бюджеттен 3,4 млрд АҚШ доллары бөлінген болатын. Бүгінгі таңда, жаңартылатын энергия көздері саласы 18 мың жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Астана ЭКСПО көрмесін өткізуі жаңа технологиялар ағымына, ғылыми негіздің нығайтуы мен Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имидждің қалыптасуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша, Р. Жошыбаев пен В. Джунг Сингапур тарапының «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды.